«Қазақстанның үлкен қазылар алқасы» логотипі
Қазақстанның үлкен қазылар алқасы
Тұрақты жұмыс істейтін халықаралық төрелік сот
Талап арыз беру

Талап арызды қалай беруге болады

Шешімге дейінгі төрт қадам

Төрелік ескертпе

Шартта дауларды біздің төрелікте қарау туралы ескертпе болады немесе тараптар келісім жасасады.

Талап арыз

Құжаттарды қоса беріп, талап арызды өзіңіз әкеліп, поштамен немесе сайттағы нысан арқылы жолдаңыз.

Алымды төлеу

Төрелік алым талап қою бағасына байланысты — құнын сұрау бойынша телефонмен немесе e-mail арқылы хабарлаймыз.

Шешім

Төрелік дауды қарап, тараптар үшін міндетті түпкілікті шешім шығарады.

Талап арызда нені көрсету керек

Талап қоюшы өз талаптарын Төрелікке жазбаша нысанда берілетін талап арызда баяндайды (Регламенттің 14-бабы). Арызда мыналар көрсетілуге тиіс:

  • талап арыз берілген күн;
  • тараптардың атауы, тұрғылықты жері, ЖСН, электрондық пошта мекенжайы және ұялы телефон нөмірлері, ал заңды тұлғалар үшін — орналасқан жері, банк деректемелері, БСН, электрондық пошта мекенжайы және өкілдерінің ұялы телефон нөмірлері;
  • Төрелікке жүгіну негіздемесі;
  • талап қоюшының талаптары;
  • талап қоюшы өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар;
  • талап қоюшының талаптарын растайтын дәлелдемелер;
  • егер талап бағалануға жатса, талап қою бағасы;
  • қоса берілетін құжаттар мен өзге де материалдардың тізбесі.

Талап арызға талап қоюшы немесе оның өкілі қол қояды. Егер арызға өкіл қол қойса, оның өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге құжат қоса беріледі.

Қандай құжаттарды қоса беру керек

Талап арызға мыналар қоса беріледі (Регламенттің 15-бабы):

  • жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмелері;
  • төрелік алымның төленгенін растайтын құжат;
  • өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де расталған құжат;
  • талап қоюшы өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар мен өзге материалдар және, егер жауапкерлер мен үшінші тұлғаларда болмаса, олар үшін көшірмелері;
  • талап арызда баяндалмаған болса, талап қоюшының төрелік шығыстарды төлеуді кейінге қалдыру, бөліп төлеу, төлеуден босату немесе мөлшерін азайту, талапты қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап етіп алу туралы және басқа да өтінішхаттары;
  • дауды Тұрақты жұмыс істейтін төреліктің шешуіне беру туралы келісімі бар құжаттың көшірмесі;
  • өндіріп алынатын немесе дау айтылатын соманың есебі.

Талап қою бағасы қалай анықталады

Регламенттің 16-бабы бойынша талап қою бағасы ақша сомасын өндіріп алу туралы талаптарда — өндіріп алынатын сомамен, мүлікті талап ету туралы талаптарда — талап етілетін мүліктің құнымен, кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы талаптарда — кепіл нысанасының құнымен анықталады. Әр шарт бойынша талап жеке қойылады.

Талаптардың нақты тұжырымы «Құжаттар» бөліміндегі Регламентте берілген. Құнын сұрау бойынша хабарлаймыз.

Талап арыз беру

Дауды сипаттаңыз — біз сізбен хабарласып, қандай құжаттар дайындау керектігін айтамыз

Талап арыз беру